13.05.2024, 11:11
Қоғам
Бишімбаев «дала заңы» бойынша да өмір бойына сотталу керек – Салтанат Нүкенованың әкесі
Амангелді Нүкенов сот процессі басталғаннан бері БАҚ-қа алғаш рет комментарий берді
Фото: Айтбек Амангелдінің жеке парақшасынан алынды
Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін сот процессінде Қуандық Бишімбаевқа қандай жаза беру керек деген сұраққа қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Амангелді Нүкенов бір жарым ай уақытқа созылған сот кезінде өліп-тірілген күйде болғанын айтады.
«Менен бұл адамға «қандай жаза берілу керек» деп сұрады. Біз емес, бүкіл әлем өмір бойғы жаза берілсін дейді. Біз қазақпыз, «дала заңын» оқыдық. Сондықтан, мен бұл адамға өмір бойы жаза береді деп үміттенемін», - деді Амангелді Нүкенов.
Айта кетейік, қазір сот пен алқабилер кеңесу бөлмесінде үкімді ақылдасып жатыр.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды