$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы су тасқыны: 6000-ға жуық адам әлі эвакуациялау пунктерінде қалып отыр

Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қазақстандағы су тасқыны: 6000-ға жуық адам әлі эвакуациялау пунктерінде қалып отыр
Фото: ҚР ТЖМ

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 48 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. Ал 6000-ға жуық адам әлі эвакуациялау пунктерінде қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылуда. Жайық өзені жағасының сумен шайылуының алдын алу үшін мұнай-газ компаниясының күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұзындығы 600 метр теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды.

Республика бойынша 48 611 адам өз үйлеріне оралды. 5 961 адам эвакуациялау пункттерінде», - деп жазылған хабарламада.

Ал Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан Алтай ауданының Зубовск ауданында 24 аула аумағын су басты. Бөгеттерді бекіту және су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде. Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеді. Өзеннің су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда.

Тақырыпқа орай: Су тасқыны: мемлекет 13 мыңнан астам отбасыға көмек беріп үлгерген

Серіктес жаңалықтары