Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің тойында не істеп жүр (ВИДЕО)

Экс-әкім тойға барып ән айтып, тілек айтқан

Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің тойында не істеп жүр (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Алматының бұрынғы әкімі, кезінде «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясын басқарған Ахметжан Есімовтің қай тойда ән айтып жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Есімов Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Сәкен Майғазиевпен дуэт орындаған еді.

Ахметжан Есімовтің қай тойда ән салғанын тамада Руслан Ысқақов жария етті. Анықталғандай, күні кеше эстада әншісі Серікбол Сайлаубек отау құрған. Руслан Ысқақов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында тойға келген қонақтарды көрсетті. Олардың арасында Ахметжан Есімов те бар.

Есімов тамаданың жұмысына жақсы баға беріп, жас жұбайларға бақыт тілеген. Біз хабарлағандай, тілегінен кейін ән айтып, тойдың басты қонақтарының біріне айналған.

Естеріңізге сала кетейік, Ахметжан Есімов 2015-2017 жылдары  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарған. 2021 жылдың 29 наурызына дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2021 жылы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі лауазымына кіріскені туралы ақпарат тараған. Есімов 2008-2015 жылдар аралығында Алматы қаласын екі рет басқарған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.