$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-ның Алтай ауданында бірнеше үйді су басты

Су деңгейінің көтерілуіне жауын-шашын әсер еткен

ШҚО-ның Алтай ауданында бірнеше үйді су басты
Фото: ҚР ТЖМ / видеодан скриншот

Қазақстанның шығысындағы Алтай ауданында 5 тұрғын үй мен 24 үй маңындағы учаскелерді су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын әсерінен Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі көтерілді. 

«Жағдай аймақ құтқарушыларының бақылауында. Аэровизуалды ұшу жүргізілуде.

Семей, Өскемен қалаларынан келген ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 бөлімінің әскери қызметшілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін елді мекенге кетті. Қазіргі уақытта су бұру үшін арнайы техника тартылды», - делінген хабарламада.

Тұрғындар эвакуациядан бас тартып, уақытша туыстарының үйлеріне орналастырылды. Ауылдық мектепте сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Тақырыпқа орай: Атырауда су деңгейі тағы көтерілді

Серіктес жаңалықтары