$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2024, 13:35
Қоғам

“Дөңгелегі жарылған шығар”. Бишімбаев сот отырысына неге кешіккені анықталады

Осы факті бойынша қызметтік тексеріс басталған

“Дөңгелегі жарылған шығар”. Бишімбаев сот отырысына неге кешіккені анықталады
Фото: www.gov.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев экс-министр Қуандық Бишімбаев 29 сәуір күні таңертең сот отырысына неге жеткізілмегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол осы факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Көлік бұзылып немесе оталмаған болар, дөңгелегі жарылған шығар. Техникалық себептер байланысты конвойдың көлігі сотқа уақытында келе алмаған», деді Рысбаев мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуір күні таңғы 10.00-дегі сот отырысына сотталушы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов келген жоқ. Судья Айжан Күлбаева конвой қызметінде ақау шыққанын айтқан болатын.

Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотқа тартылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары