Атырауда су деңгейі тағы көтерілді
Жайық өзеніндегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша Жайық өзенінде өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі өзгерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 750 см., деңгейдің +32 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 527 см құрайды.
«Махамбет кенті 795 см деңгейінде, тәулігіне + 16см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 478 см құрайды.
Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 459 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 8см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 268 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 2 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Атырау облысы бақылауда. Жайық өзеніндегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр.
Осы сағатта республика бойынша 43 015 адам өз үйлеріне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде.