Қытай әлемдегі ең ірі Такламакан шөлінің қақ ортасына қалай қала салды
Алар қаласы 1957 жылдан бастап салынған
Шыңжан-ұйғыр автомномиялық провинциясының аумағында Такламакан шөлінің үстінде Алар қаласы орналасқан, деп жазады Azattyq Ruhy.
Қала бірден жергілікті үкіметке бағынады. Шыңжан өндірістік құрылыс корпусы – атономияның маңызды құрамдас бөлігі.
Ол 1954 жылы қазанда құрылып, мемлекеттік жоспардың жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде арнайы қоғамдық ұйым болып қалыптасқан. Қазіргі уақытта тізімге 14 дивизия, 12 уездік маңызы бар қала, 179 ферма, 3 жалпы білім беретін университет және 14 тіркелген компания кіреді.
70 жыл бұрын қиын жағдайда төраға Мао Цзэдунның бұйрығымен Шыңжаңда орналасқан Халық-азаттық армиясының офицерлері мен сарбаздарының көпшілігі сол жерде қайта біліктілікке ие болып, шекара отрядының тәртібін тастап, өндірістік-құрылыс корпусын құрды, мемлекет жүктеген даңқты миссияны адал орындады.
ШӨҚК шөлдің шетінде және шекара аумағында тамыр жайды, елде көшбасшы болатын заманауи ауыл шаруашылығын дамытты, Шыңжаңның негізін қалаған заманауи өнеркәсіпті құрды және жаңа қалалар салды.
Сол қаланың бірі – Алар. 1957 жылдан бастап Шыңжан өндірістік құрылыс корпусы осы өңірді дамыта бастайды. Әлемдегі ең ірі Такламакан шөлінің ортасында орналасқан қала қазір ел бойынша ауыл шаруашылығы, мал өсіру мен туризм саласында бірқатар жетістікке жеткен.
Аларға алғашында әскери девизия келіп, қала тұрғызуды бастағанда үйлер, қыш пен құмнан соғылған.
Кейін ол 10 жыл сайын эволюцияға ұшырап, бүгінгі күні салынып жатқан кірпіш ғимараттарға дейін дамыған.
Қазір қала халқы негізінен жылыжайда органикалық көкөніс пен жеміс-жидек өсіріп, бүкіл ел аумағына саудалайды. Бұл өңірдегі жердің 90 пайызы тамшылап суаруға бейімделген. Себебі өңірде Тарим су бассейні орналасқан.
Жылыжайларда өсетін жеміс-жидектің барлығы тамшылап суару әдісімен өседі. Шие өсіретін 40 жылыжай бар.
Олардың көлемі 1300 гектар жерді алып жатыр. Биыл 300 тонна шие өсіру жоспарланып отыр. Оның кішігірім жәшігін 100 юаньға, яғни 6 мың теңгеге сатып алуға болады.
Өнім органикалық болғандықтан, бағасы да соған сай қойылады. Жергілікті халық та жылыжай мен жер алқпатарын өңдеуде қызмет етеді.
Өсімдіктердің қал-жағдайын алдын ала болжап тұратын арнайы қондырғылар да бар. Арнайы қондырғы өсімдікке жұғатын аурулар мен судың қандай мөлшері қажет екенін көрсетіп тұрады.
Сондай-ақ қалада шетелдік инвесторларға жағдай жасап, инвестиция тарту да жолға қойылған.
Бельгиялық кәсіпкер Алар қаласында бельгия бұқасын будандастыру арқылы жергілікті халыққа ет өнімдерін ұсынып отыр. Ол малдың жаңа түріне қажетті шөп өнімдерін де өз алаңында тамшылап суару әдісін қолданып, өсіріп отыр.
Дани Камиел 1988 жылы Қытайда білім алуға келіп, осы жақта кәсіп бастап қалып қойған. Мал шаруашылығын 2017 жылы бастаған. Қазір ол бельгиялық бұқаларды өсіретін эмбриондарды Қытайдың провинцияларына саудалап, мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып отыр. Шетелдік инвесторға Қытай жерді тегін ұсынып отыр.
Инвестор Қытайдан өзге елдерге заң бойынша эмбриондарды шығара алмайды. Сондықтан оларды бас кеңсе орналасқан Белгиядан экспорттауды көзделіп отырғанын айтты.
«Қазақстанға да мал эмбриондарын шығару бойынша келіссөздер болған еді. Оның барысы Бельгиядағы бас кеңседе айтылды. Қазір барлық құжат дайын. Үкімет тек оны қабылдауы керек. Бельгиялық будандастырылған бұқалардың эмбриондарын шетелге экспорттау тек бас кеңсе арқылы ғана жүзеге асырылады», - дейді ол.
Сондай-ақ қалада 4 мың оқушыға арналған мектеп-интернат та бар.
Оқушылар сабақтан тыс уақытта иероглиф жазып, қолөнер мен сурет салып, теннис ойнай алады.
Сонымен қатар қалада медицина саласында да жоғары технологиялар жасалған. Виртуалды көзілдірік арқылы клиниканың басқа филиалдарына шығып, қашықтық талғамайтын құралмен пациенттерді емдеу ісі жолға қойылған.
Такламакан шөлі орналасқандықтан, өңірде туризм де жақсы дамыған. Шөл далаға тән құмды жерде кводрациклдармен жоғары жылдамдықта жүріп, түйеге мініп серуендеуге болады.
Қытайда ішкі туризм дамығандықтан келетін туристердің басым бөлігі де қытайлықтар.