23.04.2024, 21:42
Қоғам
«Көшеде ұйықтап қалған»: Түркістан облысында жоғалған балалар табылды
Балаларды жақындары бірнеше сағат бойы іздеп, таба алмаған
Кентау қалалық полиция бөліміне түнгі уақытта жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 3 және 7 жасар ұлдарын таба алмай жатқанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Келіншектің айтуынша, ұлдары сағат 17:00 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, алайда кеш батса да үйлеріне қайтып келмеген.
Жақындары бірнеше сағат бойы іздеп, таба алмаған.
Полиция балалардың баруы мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Аулаларды аралап, көшедегілерден сұрастырды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жоғалған ағайындылар таңғы сағат 05:30-да оқиға орнынан 1 шақырым қашықтық шамасындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы отырғышта ұйықтап жатқан жерінен табылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы