14.04.2024, 23:22
Қоғам
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 253 әйел босанды
Эвакуациялық пункттерде 5 300-ге жуық бала бар
Фото: istockphoto.com
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 253 әйел босанды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, су басқан өңірлерде бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қоры жеткілікті.
«Төтенше жағдай режимі жарияланған барлық өңірде 309 жүкті әйел бақылауда тұр және 253 әйел босанды. Ең көп бала Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дүниеге келген. Эвакуациялық пункттерде 5 300-ге жуық бала бар, оның ішінде 71 бала стационарлық көмек алады, 87 бала амбулаториялық ем алуда», - деді Әйгерім Оразалиева.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
Бүгін, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды