Су басқан өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шеккен – Сауда министрлігі
Министрлік ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Ведомствоның ресми өкілі Әлия Әбдірахманова атап өткендей, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, барлық өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасының нөлдік өсім байқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ОКҚ-ға сілтеме жасап.
«Министрлік су тасқынынан зардап шеккен облыстарда азық-түлік тауарларымен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етілуін бақылайды. Көшпелі тексеру жүргізілді, азық - түлік қоры тексерілді», - деді спикер республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Алдын ала деректер бойынша өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті (Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 22, Ақтөбе облысында – 9, Атырау облысында – 35, Батыс Қазақстан облысында-13 нысан). Залал сомасы нақтыланады. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.
«Министрлік ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деп атап өтті сауда министрлігінің ресми өкілі.