Петропавлда су тасқынының үлкен қаупі сәуір айының соңында күтіледі
Аймақта 262 елді мекенде су басу қаупі сақталуда
Өңірдегі Сергеев су қоймасы 180%-ға толды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмайды. Бұл туралы ОҚК алаңында мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, қоймадағы су 415 см құрайды.
«2017 - жылы ең үлкен деңгей тіркелген кезде судың толып кетуі 338 см болды, бұл 3 аудан мен Петропавл қаласында су басу қаупін тудырады. Су басу аймағына 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді. 12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді», - деп баяндады спикер.
Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде. 20 -наурыздан бастап өңірде Жедел штаб ашылды. Қармен жабу 38% - дан 50% - ға дейін жетіп отыр. 262 елді мекенде су басу қаупі сақталуда. 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар.
Күштер мен құралдардың қосымша топтары құрылды.