Жайық өзеніндегі су тасқыны көлемінің жағдайы болжанды
Былтырғыдан су көлемі 2,5 есе асады

Жайық өзені ағынының қалыптасуының жоғарғы аймағындағы бақылаулар деректеріне негізделген Росгидрометтің болжамдарына сәйкес көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылғы орташа көпжылдық мәндер мен көрсеткіштерден 2-2,5 есе асады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Жоғарғы Орал су қоймасында (Ресей Федерациясының Челябі облысы) су тасқыны 0.36-дан 0.46 текше километрге дейін болады деп күтілуде, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 9 есеге көп және максималды көпжылдық сипаттамаларға жақындады.
«Су тасқынының болжамды көлемі Ириклин су қоймасы (Ресей Федерациясының Орынбор облысы) 2.5-тен 3.5 текше километрге дейін, бұл 2023 жылғы мәліметтерден екі есеге дерлік және тарихи максимумға жақындады», - делінген хабарламада.
Сақмар-татар Қарғалы (Ресей Федерациясының Орынбор облысы) учаскесі үшін су тасқыны 5.0-ден 6.0 текше километрге дейін болады деп болжануда, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен де жоғары.