Алматы тұрғындары БҚО-ға 10 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Темірхан Айжан

Гуманитарлық көмек 3 рейспен жеткізіледі 

Алматы тұрғындары БҚО-ға 10 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматы тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен БҚО өңірлеріне гуманитарлық көмектің бірінші партиясын жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Кажденбектің айтуынша, бүгінгі таңда 10 таннадан астам гуманитарлық көмек жиналған. Оның ішінде, азық-түлік, киім-кешек, әлеуметтік ең қажетті заттар бар. Қиындық көріп жатқан жерлестеріне жәрдем қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысқан.

«29 наурыздан бастап Алматы қаласында 8 комьюнити орталық ашылған болатын. Соның қатарында Алматы комьюнити орталығында су тасқынынан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жинау пункті де ашылған. Бүгінгі таңда 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оны 3 рейспен жеткіземіз. Көмектің бірінші партиясын Батыс Қазақстан облысына жіберіп жатырмыз. Алматы қаласында Волонтерлар фронт офисінің мүшелері, 5 адам осы гуманитарлық көмекті алып барып, діттеген жеріне жеткізетін болады. Жол шығындары мен жеткізу жұмыстары Алматы қаласы бойынша 30-дан астам еріктілер ұйымын қамтитын Волонтерлар фронт офисі аясында жүзеге асады», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Кажденбек.

Оның сөзінше, адамдардың қиындығына бей-жай қарай алмайтын алматылықтар Абай облысы, Қостанай облысы, Түркия еліне де көмек жинаған. Сол кезден бастап үйренген тұрғындар, қазір гуманитарлық көмек туралы хабарлама шыққаннан бастап, жәрдем бере бастаған.

«Одан басқа астсалысып жатқан көптеген демеушілер бар. Осы жерде 50-ден астам волонтер заттарды қораптарға салып, реттеп жүр. 10-нан астам волонтерлық ұйым күнделікті атсалысып жатыр. Гуманитарлық көмек жинау тоқтамайды. Пункт ашық тұрады», - деді Әзиз Кажденбек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.