$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованы «өлтірді» деп санамайды

Ол сотта үнемі сотта «кісі өлтіру» деген сөзді қолданбауды сұрайды

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованы «өлтірді» деп санамайды
видеодан скриншот

Әйелі Салтанат Нүкенова өлтірді деген күдікпен сотта ісі қаралып жатқан Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сотта «кісі өлтіру» деген сөзді қолданбауды сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Бүгін, 4 сәуір күні де сотта Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанована зардап шеккен тарап, яғни, Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдінің адвокаты Жанна Оразбаховаға «кісі өлтіру» деген сөзді қолданбауды сұрады.

«Құрметті сот, зардап шегуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова үнемі «кісі өлтіру» деген сөзді қайталай береді. Осыған тыйым салыңыз», - деді Лейла Рамазанова.

Бұған жауап берген Жанна Оразбахова бұл сөз факт екенін атап өтті.

«Салтанат Нүкенова бүгін сотта жауап бере алмайды, өйткені, ол өлген. Лейла Рамазанова адам өлімін адам өлімі деп атама дейді. Бірақ, мен адам өлімін басқа қалайша айту керек екенін білмеймін», - деді Жанна Оразбахова.

Серіктес жаңалықтары