«Көзге шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың»: Нүкенова Бишімбаев туралы жазба қалдырған
Нүкенова телефонындағы электронды қойын дәптеріне 40 жазба жазған
Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаевтың өзін бопсалағаны және көзіне шөп салғаны туралы телефонында жазба қалдырған. Оларды Астана сотында прокурор оқып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нүкенова телефонындағы электронды қойын дәптеріне 40 жазба жазған.
«10 қазан, 2023 жыл.
Қуандық мен Павлодарға кетіп барамын. Енді қайтып келмеймін. Менің саған деген сезімім қалмады, ештеңе де сақтағым келмейді. Сен кешірім де сұрамадың. Көзіме шөп салғаныңды ақтауға еш әрекет жасамадың. Бәріне мені кінәладың. «Психотерапевтке бар» деп мәжбүрледің. Сен ештеңені көрмейсің, мен бұдан артыққа төзе алмаймын. Кешір мені, ұмыт, жібер. Мен бәріне нүкте қойдым. Әке-шешемнің қасына барам. Олар маған қамқор болады», - делінген прокурор оқыған Салтанаттың жазбасында.
Тағы бір жазбасында Нүкенова өзінің қатты стресте жүргенін, Бишімбаевтың бопсалағаны туралы жазады.
«Мен анамызға сені жақсы көрмеймін деп айтпадым. Менің саған жаным ашиды. Сен оларды қорқытып-үркіткен соң, ол біздің тезірек ажырасқанымызды қалады. Балалар да бәрін көрді. Сен бәріне сендің, бірақ маған сенбедің. Мен кетіп қалған кездерім үшін, ескі паттерндер үшін, бітпейтін стресте жүргенім үшін өкінетініме сенбедің. Алматыға барғанда да стресте жүрдім. Адам құсап ұйықтағым келген еді. Мен сенің бопсаларыңнан қызғанғаным үшін, некеге тұрып, қорғалмағаным үшін, сол үшін бәріне жаман болып көрінетінім үшін, бүкіл реніштерім үшін мен өзім сенен кешірім сұрадым. Бірақ сен менен құтылғың келді», - деп жазылған деді прокурор.