$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2024, 11:39
Қоғам

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама қашан іске қосылатыны белгілі болды

Әзірге бағдарламаның нақты шарттары айтылған жоқ

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама қашан іске қосылатыны белгілі болды
Фото: freepik.com

Қазақстанда төмен мөлшерлемелді жаңа ипотекалық бағдарлама сәуірдің соңы – мамырдың басында іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Krisha.kz жазуынша, бұл туралы бағдарлама операторы «Отбасы» банкі мәлімдеді.

Әзірге бағдарламаның нақты шарттары айтылған жоқ. Дегенмен белгілі болғандай:

  • 7% - азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына арналған көрсеткіш. Ол санаттарға көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер және т.б. жатады.
  • Қалғандары үшін – 9%.

Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы 30 миллион теңгені құрайды.

Өзге  аймақтарда – 18 млн теңге.

Тек Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада – блыс орталықтарында бастапқы баспананы сатып алуға болады. Атап айтқанда: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.

  • Қалған елдімекендерде – кез келген тұрғын үйді: бастапқы, екінші, соның ішінде жеке үйлерді сатып алуға рұқсат етіледі.

Осылайша, ипотека тек моноқалаларға ғана емес, Қазақстанның барлық елдімекендеріне есептелетін болады.

Еске салайық, 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке Қазақстанда, оның ішінде ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін жаңа қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған болатын.

Ал кеше Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа ипотекаға қатысты мәліметтер жариялады:

  • Оған 300 миллиард теңге бөлінеді.
  • Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотека мерзімі әлі белгісіз.

Мына топтағы адамдар қатыса алады:

  • жұмыс істейтін жастар;
  • жас отбасылар;
  • тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • «Отбасы банкінің» салымшылары;
  • моноқалалардың, облыс орталықтарының, сондай-ақ ауылдық елдімекендердің тұрғындары.
Серіктес жаңалықтары