«Мереке күндері нөсер жаңбыр жауады»: Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Тасқын суға қарсы 2,3 мыңнан астам қап құм дайындалды

«Мереке күндері нөсер жаңбыр жауады»: Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Фото: фрипик

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы бұзылып, нөсерлі жауын-шашын болады. Нөсер жаңбырға байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындыққа көшіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазіргі уақытта 536 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа айналған жерлерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан негізгі меридиандық арықтарды тазарту аяқталды. Көлденең арық желілерін жинау жұмыстары жалғасуда. 18 наурыздағы жағдай бойынша 640 тонна қоқыс, сазды балшық, лай және мұз шығарылды.

«Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарламада. 

Ауа-райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі.

«Қала тұрғындарынан  су басып қалуды болдырмау үшін арықтаға, өзен арналары мен каналдарға қоқыс тастамауды өтініп сұраймыз», - деп ескертті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.