$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қала тұрғындары өздерін жайлы сезіну керек - Заппаров

Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты

Қала тұрғындары өздерін жайлы сезіну керек - Заппаров
Фото: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Алматыда жасалатын қылмыстар саны азайды. Қалалық ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров халыққа есеп беріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Оның сөзінше, қоғамдық орындарда жасаған қылмыстар саны төмендеді. Алматы полициясының қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындауға, сондай-ақ барлық саладағы қызметті жақсартуға бағытталған. Жалпы, қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және қатаң  бақылауда, орын алған қылмыстарды ашудың тиімділігі де артқан.

«Қылмысты талдау деректері бойынша қабылданған шаралар, қылмыстың барлық негізгі түрлерінің дерлік тіркелуін 23,9%-ға қысқартты. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 3,4%-ға, көшеде 18,8%-ға, мас күйінде жасалған қылмыстар 19,6%-ға азайды. Өткен жылы атқарылған бірқатар іс-шаралар қылмыстың азаюына ықпал етті. Біз еліміздің Әкімдігі мен Ішкі істер Министрлігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз», - деді Алматы полициясының басшысы.

Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, қаладағы қылмысты азайту мақсатында қосымша профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.

«Атап айтқанда, цифрландыру аясында қоғамдық қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қолданыстағы банкоматтарында 30 «SOS дүрбелең түймесі» орнатылып, жедел шақыруды ПД ЖБО-на жібереді. Бір қызығы, бұл жоба бюджет қаражатын тартпай-ақ орындалды. Сонымен қатар, қала аудандары бойынша талдау бағдарламасы әзірленді, оның негізінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесе отырып, жаяу патрульдеу жұмыстарын жүргіземіз. Оған күн сайын 2 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылады. Талдау бағдарламасы жергілікті аумақтық бөлімшенің әрбір басшысына қылмыс деңгейін, сондай-ақ құқық тәртібін қамтамасыз етуге қатысатын әрбір патрульдік полиция қызметкерінің KPI-ін бақылауына мүмкіндік береді», - деді Арыстанғани Заппаров.

Серіктес жаңалықтары