«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: Антикор 2,3 трлн теңгенің игерілуін бақылауға алды

Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: Антикор 2,3 трлн теңгенің игерілуін бақылауға алды
Коллаж: Azattyq Ruhy / фото: Әсет Қүндақбаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2,3 трлн теңгенің игерілуін мониторингке алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұловтың басшылығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Мәжілісте уәкілетті органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қарады.

«Жайлы мектеп» жобасы – ел дамуының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда», - делінген Антикор хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз Жолдауында «әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайлар болуы тиіс. «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған» деп атап өтті.

Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті уәкілетті органдар үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысы барысын мониторингтеу болады.

Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.