$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қыз алып қашу – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, масқара тірлік – Президент

Тоқаев өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек екенін айтты

Қыз алып қашу – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, масқара тірлік – Президент
Фото: freepik.com

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай отырысында қыз алып қашуға біржола тосқауыл қойылуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент кебйір адамдар әлі күнге дейін салт-дәстүр санайтын бұл үрдісті мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық деп сынады. 

«Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс», - деді Президент. 

Мемлекет басшысы айтқандай, «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар».

«Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтауымыз керек. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек», - деді Тоқаев. 

Серіктес жаңалықтары