$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2020, 16:32
Қоғам

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін жалғасады

Ел аумағында төтенше жағдай 1 мамыр сағат 07:00-ге дейін ұзартылды

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін жалғасады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдайды. 

Ел Президенті бұған дейін карантин режимін сәуір айының соңына дейін созуды тапсырған еді. 

Серіктес жаңалықтары