$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр қытайлықтар 4 млн гектар жерге ағаш отырғызған

Қытайда 12 наурыз ағаш отырғызу күні атап өтіледі

Былтыр қытайлықтар 4 млн гектар жерге ағаш отырғызған
Фото: Azattyq Ruhy

ҚХР бұл күнді 46-шы рет тойлап жатыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен жылы елде 4 миллион гектарға жуық ағаш отырғызылды. 4,4 миллион гектарға жететін аумаққа шөп егілген, 2 миллион гектарға жуық құмды және тасты шөлейт жерлер өңделген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Су экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру бойынша 96 ірі жоба және аумақтарды көгалдандыру бойынша 25 пилоттық жоба іске асырылды. Эрозияға ұшыраған топырақ 63 мың шаршы метрге азайды. 505 экологиялық таза шағын су жинау бассейндері құрылған.

Қытай инженерлік академиясының академигі Лю Шижанның айтуынша, соңғы 20 жылда Қытайдың жаһандық көгалдандыруға қосқан үлесі төрттен бірді құраған.

«Бұған көгалдандыру, құмды жерлерді өңдеу бойынша ауқымды жұмыстардың арқасында қол жеткізілді. Елдің солтүстік-батысындағы және оның шығыс бөлігіндегі құрғақ аймақтар да жасыл-желекке айналды, сондықтан біздің қосқан үлес туралы сенімді түрде айтуға болады», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары