ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына Дос Сарбасов тағайындалды

Дос Жұрмаханбетұлы - онкологиялық аурулармен күрес саласындағы әлемдегі жетекші ғалым

ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына Дос Сарбасов тағайындалды
Фото: nu.edu.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына белгілі қазақстандық-америкалық ғалым Дос Сарбасов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Д. Сарбасов шетелде – онкологиялық аурулармен күрес саласындағы әлемдегі жетекші ғалым және осы аурулармен күресудің бірқатар инновациялық әдістерінің әзірлеуші.

Шетелдік ұйымдарда 25 жылдан астам ғылыми қызмет өтілі, заманауи Пәнаралық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда, үйлестіруде және басқаруда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Ол 80-нен астам ғылыми жарияланымдар мен 37 қолжазбаның авторы, mTOR ақуызының өсудегі, жасушалардың көбеюіндегі, мРНҚ транскрипциясындағы және жасуша ішіндегі ақуыз биосинтезіндегі рөлін ашушылардың бірі.

Американдық биохимия және молекулалық биология қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.