Ұлттық қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық: Қытай үкіметінің 2024 жылға жоспары қандай
Қытай үкіметінің биылғы жоспары өте ауқымды

Бейжіңдегі Халық жиналысы үйі ғимаратында Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының екінші сессиясында Қытай үкіметінің 2024 жылға қойған жоспары жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ұлттық қауіпсіздіктің жан-жақты тұжырымдамасын іске асыру, ұлттық қауіпсіздік жүйесін құру және тиісті әлеуетті арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Қоғамдық қауіпсіздікті басқару деңгейін арттыру, осы саладағы жұмыстың профилактикалық моделіне ауысу қажет. Қарапайым деңгейде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи апаттардың алдын алу, олардың салдарын азайту және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін негізді нығайту, төтенше жағдайларды басқару саласында әлеуетті арттыру мақсаты тұр», - деді ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян
Оның айтуынша, өндірістік авариялардың туындау себептерін жою жөніндегі үш жылдық іс-қимыл жоспарын мұқият іске асыру қажет. Сондай-ақ негізгі салалардағы ықтимал тәуекелдерді анықтау және жою жөніндегі жұмысты жандандыру керек.
«Су тасқынының, құрғақшылықтың, орман және дала өрттерінің, геологиялық апаттардың, жер сілкіністерінің және өзге де апаттың алдын алу және әрекет ету жұмыстарын тиісті тәртіппен жүргізіп, метеорологиялық қызмет көрсетуді күшейткен абзал. Азық-түлік өнімдерінің, дәрілік заттардың, арнайы жабдықтардың қауіпсіздігін басқару мен бақылауды күшейту де аса үлкен маңызға ие. Қызмет көрсету саласында қалалық және ауылдық шағын аудандардың функцияларын нығайту қажет. Қоғамдық ұйымдардың, гуманитарлық көмектің, волонтерлік қызметтің және қайырымдылық қызметтің дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ оларға салауатты даму бағытын белгілеу керек. Әйелдердің, балалардың, қарттардың және мүгедектердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсаты тұр. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп орнату жөніндегі кешенді шараларды күшейту, қылмыстық құрылымдарды жою жөніндегі шараларды тұрақты жүзеге асыруға жәрдемдесу, заңға сәйкес заңға қарсы және қылмыстық қызметтің барлық түрлерімен күрес жүргізу қажет», - дейді Ли Цян.
Жиналыста Қытай үкіметі 2024 жылға қойған жоспары:
- 2024 жылғы ЖІӨ өсімінің мақсатты көрсеткіші: шамамен 5 пайыз;
- Қалалар мен кенттерде жұмыспен қамтылған халықтың өсуі: 12 млн-нан астам адам;
- ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығы: 3 пайыз;
- Жергілікті үкіметтердің мақсатты облигациялары: 3,9 трлн юань;
- Ультра ұзақ мерзімді Арнайы мемлекеттік облигациялар шығару;
- «Жасанды интеллект плюс» іс-қимыл жоспарын іске асыру;
- Революциялық және озық технологияларды дамытуды күшейту;
- «Тұтынуды ынталандыру жылы» бағдарламасы аясында іс-шараларды дамыту;
- Орталық бюджеттен инвестициялар: 700 миллиард юань;
- Ішкі сұранысты кеңейту;
- Шетелдік капиталы бар кәсіпорындар үшін ұлттық режимді енгізу;
- «Транс-Тынық мұхиты серіктестігі туралы жан-жақты және прогрессивті келісімге» қосылу жөніндегі жұмысты ынталандыру;
- Сыртқы әлемге ашықтықты жоғары деңгейде кеңейту;
- Жылжымайтын мүлік саласындағы тәуекелдерді және жергілікті үкіметтердің шағын және орта қаржы институттарымен борыштық міндеттемелеріне байланысты тәуекелдерді жою;
- Ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Энергетикалық революцияны ілгерілету;
- «Тайвань тәуелсіздігін» жақтаушылардың сепаратистік әрекеттеріне қарсы тұру және сыртқы күштердің араласуына қарсы тұру;
- Халықаралық қатынастарда теңдік пен әділдікті қорғау.