05.03.2024, 15:13
Қоғам
Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетті
ТЖМ көрші елге 1000 тонна дизель отынының жеткізілгенін хабарлады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстанның гуманитарлық көмегі Қырғызстанға жетті. Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген мың тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына бүгін берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Гуманитарлық көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді.
1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.
Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен жүзеге асты.

Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды