$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент ҚМА төрағасының орынбасарын тағайындады

Ол құқық қорғау органдарында 21 жылдан астам еңбек еткен 

Президент ҚМА төрағасының орынбасарын тағайындады
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайрат Жақиянұлы Қостанай облысының тумасы. Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Құқық қорғау органдарындағы жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам. Қаржы полициясында, прокуратура органдарында, оның ішінде 16 жыл Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Ол 2021 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Бижанов II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Қаржы полициясының үздігі»,  «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл»  төсбелгісімен  марапатталған.

Серіктес жаңалықтары