Ұлытауда өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Аягөз Құрмаш

Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған

Ұлытауда өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытауда өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел жайлы тың дерек айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл оқиғаға қатысты әйелдің үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі асыраушының құқығын бұзғаны үшін, екіншісі азаптау бойынша. Қылмыстық іс аясында барлық тарап қарастырылады. Аталған баптар бойынша ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Лепеха.

Айта кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында балалар 5 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеп, желіде жазба жариялаған болатын. Кейін ол Ұлытауда балаларды құлдыққа салған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.