$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақпаратқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Ақпаратқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады
Фото: freepik.com

Заң жобасы аясында ақпаратқа қол жеткізу саласына мемлекеттік бақылау енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оны Мәдениет және ақпарат министрлігі профилактикалық бақылау нысанында бақылау субъектісіне бармай және жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Ұлттық Банкті, соттарды және сот әкімшілігін қоспағанда, ақпарат иелері бақылау субъектілері болады. Нысандарға ақпараттық стендтер мен басқа да техникалық құралдар, ресми интернет-ресурстар, «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдас бөліктері, сондай-ақ ашық отырыстардың онлайн-трансляциялары, жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған ашық отырыстардың жазбалары мен сілтемелері жатады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 қарашадағы №1063 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров заң бойынша жұмыс тобының жұмыс барысы туралы ақпарат берді.

«Жұмыс тобына Мәжіліс депутаттарынан бөлек мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар кірді», - деді ол.

Депутат жұмыс тобының отырыстарында белсенді талқыланған мәселелерді атады:

  •  ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту;
  •  ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылауды енгізу;
  • - ақпараттың ашықтығы презумпциясы мен ақпаратты проактивті түрде тарату қағидаттарын екіту;
  •  мүгедектігі бар адамдарға ақпаратқа қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау және т б. бағытталған нормалар ұсынылды. 

«Бұған қоса, заң жобасында депутаттардың заң жобалау қызметінің тәртібін өзгерту жөніндегі нормалар көзделді, олар жұмыс тобының отырысында талқылау барысында алып тасталды.Жұмыс тобының 3 отырысы өтті, онда 22 түзету қаралды», - деді ол.

Сондай-ақ заң жобасында ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру көзделген.

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары