$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әйелден қысым көрген еркектер де баршылық»: депутат отбасылық келеңсіздіктердің көбейгенін көтерді

Ол өз балаларынан қорлық көретін ата-аналардың да аз емес екенін айтты

«Әйелден қысым көрген еркектер де баршылық»: депутат отбасылық келеңсіздіктердің көбейгенін көтерді
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Ерлерді ез қылып көрсететін ақпараттар қоғамда көбейіп кетті. Мәжіліс депутат, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай осылай деді. Ол әйелдердің ғана емес, ер-азаматтар мен ата-аналардың құқығын қорғайтын қандай нормалардың бар екенін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақ деген халық анасын ардақтаған, аруын аялаған, ата-анаға құрметпен қараған халықтың өкіліміз. Отбасы  - өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар белең алуда. Солардың санатында ер азаматтан қысым көрген әйел адам ғана емес, әйелден де қысым көрген еркектер де баршылық. Сонымен бірге өзінің қартайған шағында балаларынан қысым көріп отырған қарт ата-аналар да жетерлік. Біздің буынымызда «әкеммен ақылдасайын», «әкемнен сұрайын», «әкем біледі» деген түсінікпен өскен буын едік, қазір «мамам біледі», «мамамнан сұраймын», «мамам шешеді» деген балалар көбейіп бара жатыр», - деді депутат.

Оның айтуынша, өзінің туған балаларынан зорлық-зомбылық көретін ата-аналар да көбейіп бара жатыр.

«Қоғамда ер азаматтар мен ата-аналардың құқығы қорғауы мәселесіне қандай жауап беріледі? Ақпарат саласының өкіліне айтарым, бүгінде ақпарат кеңістігінде қазақ жігіттерін, ер-азаматтарын ез, қорқақ, жалтақ қылып көрсететін түрлі контенттердің көбеюі, комедиялық жанрдағы фильмдердің көбеюі нені түсіндіреді?», - деп Әлтай баяндамашы Жұлдыз Сүлейменова мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне қарата айтты.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова заң жобасы тек әйелдер мен балалардың құқығын ғана қорғамайтынын айтты.

«Денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу бабы барлық азаматтың құқығына байланысты болып отыр. Конституцияда абалалар зейнеттегі ата-аналарына қамқорлық көрсету бар. Осы орайда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жұмыс істеуіміз керек», - деді депутат.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат ыице-министр Евгений Кочетов отбасы институтын нығайту бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айты.

«Теңсіздік мәселесі мен отбасындағы әр адамның рөлін анықтау бойынша жұмыстар атқарылады. Ол бойынша «Әкелер одағы» институтының жұмысын қолдаймыз», - деді Кочетов.

Серіктес жаңалықтары