$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.04.2020, 10:57
Қоғам

42 500 теңгені алу құқығының бар-жоғын тексеретін қызмет іске қосылды

Бір сағаттың ішінде тексеру бойынша 3 өтінім жіберіп көруге болады

42 500 теңгені алу құқығының бар-жоғын тексеретін қызмет іске қосылды
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі азаматтарға 42 500 теңгені алу құқығы бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біз әлеуметтік желілерге әрдайым мониторинг жүргізіп, адамдардың сұрақтарының басым бөлігі былай екенін көріп отырмыз: «Мен бірнеше күн бұрын өтінім беріп қойғанмын. Әйтсе де әлі күнге дейін өтінімім мақұлданды ма, жоқ па білмеймін» дейді көбі. Сол себепті Біржан Нұрымбетовтің тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Сервис бойынша біз Президент Әкімшілігі жанындағы ІТ-штабпен, ІТ мамандарымен, ұжыммен қауырт жұмыс жүргіздік. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке де алғысымызды айтамыз», - деді Нариман Мұқышев.

Әлеуметтік төлем алу құқығын тексеру үшін 42500.enbek.kz сілтемесіне өту керек. Одан кейін «Өтінім статусын тексеру» батырмасына басып, ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін енгізесіз. «Мен робот емеспін» батырмасын басасыз да, «тексеруге» жібересіз. Сіздің 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғы бірден шығып тұрады. Бір ұялы телефон немесе компьютерден бір сағаттың ішінде тексеру бойынша 3 өтінім жіберіп көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#42500 тг