$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2020, 13:24
Қоғам

БҚО-да ТЖ талабын бұзған жүзден астам адам қамауға алынды

Облыс соттарына 16 наурыздан бері 164 іс түскен

БҚО-да ТЖ талабын бұзған жүзден астам адам қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай талабын бұзған 102 адам әкімшілік қамауға алынып, 50 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыс соттарына 16 наурыздан бері 164 іс түсті. Соның ішінде 102 адам қамауға алынса, 50 адамға айыппұл салынды. Екі әкімшілік іс қысқартылса, екі адамға ескерту берілді. 8 іс кейінге қалдырылды», - деп жазылған хабарламада.

Мысалы, Жаңақала ауданы Жаңажол ауылының төрт тұрғыны аса қажеттілік болмаса да, 8 сәуір күні түнгі сағат 00.30 шамасында жеке автокөлікпен көршілес Қазталов ауданы Қарасу ауылына барған. Әрі алкогольді ішімдік ішіп жүрген. Қазталов аудандық №2 сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 1, 6, 9-тармақтарына сәйкес бұлардың әрқайсысы 7 тәулікке қамалды.

Серіктес жаңалықтары