$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2024, 18:00
Қоғам

Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары 15 тәулікке қамалды

Ол мас күйінде көлік жүргізген

Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары 15 тәулікке қамалды
Фото: freepik.com

Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған Зеренді ауданы әкімінің орынбасары 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (көлік құралын мас күйінде басқару) бойынша заң бұзушылық жасаған Зеренді ауданы әкімінің орынбасары «Б.» қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта айыпталушы орташа дәрежелі мас күйінде автокөлікті басқарғаны және оны полиция қызметкерлері тоқтатқаны анықталды.

«Соттың қаулысымен айыпталушы көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен бірге, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған қоса, шара қолдану мақсатында сот облыс әкімінің атына жеке қаулы шығарды. Онда қарамағындағы қызметкердің құқық бұзушылыққа жол бергені туралы айтылған. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ», - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары