13.02.2024, 18:05
Қоғам
Қостанай облысында әкімдік қызметкерлері жоғары жалақы төлеу арқылы бюджет қаражатын ұрлаған
Кінәлілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: gov.kz
Қарабалық ауданының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, кәсіпкерлік бөлімінің бухгалтері өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 13 млн бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.
«Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, атап айтқанда ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген хабарламада.
Баптың санкциясы күдіктілердің мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді