09.02.2024, 17:51
Қоғам
Алматы облысында қар көшкіні жүрді
Зардап шеккен азаматтар мен ғимараттар жоқ
Фото: ТЖ департаменті
Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген ауылы - Батан» автожолынан 24 шақырым жерде қар көшкіні болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы ТЖМ мәліметінше, жалпы көлемі 216 текше метр болатын қар массасы автожолды жауып тастады.
Зардап шеккен азаматтар мен ғимараттар жоқ.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 1 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді. Сондай-ақ, «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері автожолды тазартумен айналасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, «Түрген ауылы - Батан» автожолы жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында 2024 жылғы 01 мамырға дейін жабық тұрады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды