$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 18:46
Қоғам

Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

Соңғы екі айда 22 700 адам қайтыс болды

 

Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

 Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова Қазақстандағы өлім статистикасы туралы айтып берді. Оның сөзінше, биыл қайтыс болғандар саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда да аз.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда елдегі өлім статистикасы коронавирусты есептемегенде 5%-ға төмендеді. Мысалы, 2019 жылы бізде осы екі ай ішінде 23 700 адам өлсе, 2020 жылы 22 700 адам қайтыс болды. Өлім себептеріне қан айналым жүйесі аурулары, тыныс алу жүйесінің бұзылуы, онкологиялық аурулар жатады. Өлім себебінде төртінші орынды жарақат, улану секілді келеңсіз жағдайлар алады. Бесінші себепке ас қорыту жүйесіндегі ауруларды жатқызуға болады», - деді Ботагөз Жақсылықова.

Еске салсақ, елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 9 адам. Алматыдағы бір науқастың жағдайы тым ауыр.

Абай Сейфулла, Нұр-Cұлтан 

Серіктес жаңалықтары