$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Digital Almaty-2024 рекорды: цифрлық форумға 30 мыңнан аса адам қатысты

«Digital Almaty-2024» шарасы қорытындыланды

Digital Almaty-2024 рекорды: цифрлық форумға 30 мыңнан аса адам қатысты

Халықаралық цифрлық форумға үш күн ішінде 30 мыңнан аса қатысушы келді. Іс-шараның негізгі тақырыбы «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» болды. Форум аясында Қазақстан, Беларусь, Ресей және Өзбекстан Үкімет басшыларының қатысуымен ЕАЭО пленарлық отырысы өтті. 47 панельдік сессия өткізілді. Іскерлік бағдарламаға барлығы 300-ге жуық спикер қатысты. «Digital Almaty-2024» алаңдарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа мемлекеттер тарапынан еліміздің цифрлық шешімдеріне айтарлықтай қызығушылық болғанын айтты. Бұған шет елдерден 70-ке жуық сарапшының, оның ішінде бірқатар мемлекеттің цифрландыру министрлері келіп, панельдік пікірталастарға қатысуы дәлел.

«Қазақстан Республикасы электронды үкімет бойынша әлемде 28-орынды, ал онлайн сервистер бойынша 8-орынды алады. Бұған  басқа ел өкілдерінің біздің қандай әрекет ететінімізді, мемлекет пен бизнес арасындағы және мемлекет пен азаматтарымыз арасындағы ортаны жақсарту үшін қандай жаңа шешімдер қабылдайтынымызды білу үшін IT-форумдарға келуі дәлел», - деді Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Қазақстан онлайн қызметтерді дамытуда әлем бойынша 8-орында тұрғанын атап өтті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша онлайн режимінде 50 млн қызмет көрсетілді, азаматтар қызметтің 92% - ын үйден шықпай алған. Бүгінде Үкімет алдында цифрлық технологияларды өнеркәсіп саласына енгізу міндеті тұр.

Қорғаныс, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім, сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік қорғаувице-министрлері мемлекеттік сектордағы қызметтерді автоматтандыру жетістіктерін бөлісті. Бүгінде қазақстандықтардың үйден шықпай-ақ ЖОО-ға құжат тапсыруға, білім алу себебінен армияны кейінге қалдыруға, жұмысқа орналасуға, емханаға жазылуға, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, цифрлық ипотека ресімдеуге және т.б. мүмкіндігі бар.

Іс-шара қонақтарына арналған пікірталас алаңдарымен қатар 230-ға жуық отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрме жұмыс істейді. Freedom Bank, Yandex, KCell, Tele2 сияқты тәжірибелі компаниялармен қатар өз жобаларын Sergek, Target Ai, Awara, Med365, IKOD, DATANOMIX, «Интеллект Сервис», Documentolog, Robotics Education, Alabs, BTS Digital, Axellero, artson Build Invest және т.б. ұсынды.

«Digital Almaty-2024» алаңы серіктестікті алға қою және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін зор мүмкіндік болды. Мұнда B2B форматында 60-қа жуық кездесу және жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар арасында 50-ден астам питчинг өтті.

Форумның үш күнінде бары 30-ға жуық меморандумға қол қойылды. Freedom Holding Corp. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен меморандумға қол қойды. Форум барысында Тимур Турлов "Арал теңізін қолдауға арналған Эко-карта" жобасын ұсынды. Жобаның негізгі идеясы - жойылып бара жатқан теңізді құтқару қорына 10 пайыздық кэшбек аударып отыру.

Форумның соңғы күні «Digital Almaty-2024» алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті. Финалға 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін бақ сынасты. Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті.

Үздік өнеркәсіптік стартаптар аталымын иеленген жеңімпаздар:

THE BEST ESG STARTUP – KazagroTech;

THE BEST DIGITAL OIL FIELD STARTUP – NeuronOil;

THE BEST SMART MINING STARTUP – ASPANS;

THE MOST INVESTABLE STARTUP – Wes;

GVA'S FAVORITE STARTUP – Dereknet;

O. R. I. S. by A-business компаниялары 10 млн теңгеге Vk Cloud грантын табыстады. Equipmetry, SmartView, iMedHub Forus стартаптары Yandex Cloud пайдалану үшін 20 мың доллар грант ұтып алды.

5 стартап Skolkovo Startup Village 2024 конференциясы аясында көрмеге қатысуға сертификаттар алды. Олар: AIMI, InPro-Tech, Ikem Technologies, KIT Drone, "Гидропонды биологиялық жем" стартаптары.

Ал AIMI, OST engineering, Dereknet, Wes стартаптары АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін MINEXPO-ға жолдама алды.

Айта кетейік, форум көпшілік пен журналистердің аса қызығушылығын тудырды. Форум жайлы үш күнде БАҚ-та 750-ге жуық материал жарияланды. Әлеуметтік желілерде «Digital Almaty-2024» форумына қатысты 2000-ға жуық жазба (post&reels) жарияланып, форумға сілтеме жасалды.

Серіктес жаңалықтары