Игорь Лепеха педофилдерді хирургиялық кастрациялау жайлы пікір білдірді
Бұл норманың қазір маңызы жоқ
Мәжілістегі комитет отырысының кулуарында ІІМ орынбасары Игорь Лепеха педофилдерді хирургиялық кастрациялауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Бұрын 20 жылға бас бостандығынан айыру жайлы норма болған. Қазір ондай болмайды, енді тек бас бостандығынан өмір бойына айыру көзделген. Хирургиялық кастрация мәселесі өте даулы мәселе. Оны талқылау керек. Этикалық және адами тұрғыдан қарағанда бұл өте күрделі сұрақ. ІІМ-де бұл мәселені талқыладық. Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыратын болсақ, оларды хирургиялық кастрациялаудың маңызы жоқ», - деді ол.
Лепеха атағандай, педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылса, ол қылмысын қайталай алмайды.
«Бас бостандығынан айырылып, кейін оның шығуына қатысты мәселеде бұл өзекті болар еді», - деді депутат.
Отырыста депутат Елнұр Бейсенбаев Үкімет педофилдерді хирургиялық кастрациялауды Үкімет қолдамағанын айтқан еді.