$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тілінің ұзындығынан жанжал туындайды»: депутат қыз балаларды тәрбиелейтін қандай сабақтар бар екенін сұрады

Ол ерлерге түсінушілікпен қарауға шақырды

«Тілінің ұзындығынан жанжал туындайды»: депутат қыз балаларды тәрбиелейтін қандай сабақтар бар екенін сұрады
Фото: freepik.com

Мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында депутат Анас Баққожаев отбасындағы жанжалды әйел тілінің ұзындығынан тудыратынын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Заң жобасы бойынша ұсныстырады қолдаймын. Еркектің ер сорлысы ғана әйел адамға қол көтереді. Дегенмен, ұрыстардың барлығы ұрудан шықпайды ғой. Кішкене ерлерді де түсінуіміз керек. Басында жанжал туындайды. Сол жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйел адамдар кешірсін мені. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақта «Жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс» дейді, болмаса «Ерге жаққан әйел елге де жағады» дейді. Біз қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз», - деді депутат.

Осыған орай Анас Баққожаев үкіметтік органдарға сауал қойды.

«Қазіргі таңда оқу орындарында қыз балаларды инабаттылыққа, ибалылыққа тәрбиелейтін қандай сабақтар өткізіліп жатыр? Сондай ынталандыру шаралары бар ма?», - деді депутат.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ұлттық мәдениетті оқыту оқу пәндерінің барлығында бар екенін айтты.

«Әсіресе, қазақ әдебиеті мен тарих пәнінде кеңінен қамтылған. Биыл оқу жылынан бастап тәрбие компоненті күшейтілді. Тәрбие бағдарламасын енгізіп отырмыз. Әйел адамдардың қоғамдағы рөлі, ер азаматтармен теңдігі осы мәселелермен насихатталады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары