Тұрмыстық зорлық-зомбылық: былтыр 69 әйел мен 7 бала қайтыс болды
Өткен жылы балаларға қатысты 2452 қылмыс жасалған
Мәжілістің комитет отырысында Динара Зәкиева былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қанша әйел қаза тапқанын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Былтыр тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласында 99 мың өтініш келді. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел және 7 бала қайтыс болды», - деді Зәкиева.
Уәкіл атағандай, тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселелері Мемлекет басшысының үнемі назарында.
«Осы салада соңғы жылдары жүйелі іс-шаралар қабылданды. Заңға өзгерістер енгізілді. Мысалы, арызсыз істің қозғалуы, сенім телефоны құрылды, балаларға қарсы жасалған қылмыстарға жазаны қатаңдату бойынша бірқатар норма көзделген», - деді Динара Зәкиева Мәжілісте сөйлеген сөзінде.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ