$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2024, 00:27
Қоғам

Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр

Бірақ жергілікті шенеуніктер тұрғындардың сөзімен келіспейді

Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр
Фото: freepik.com

Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр. Себебі 60 мың тұрғыны бар шағын шаһарда қараша айынан бері жөнді жылу жоқ. Сондықтан электр пешімен тізесін жылытқан тұрғындар ақы төлемейміз дейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 «Жылу жоқ. Мен пеш қосып электрмен отырмын. Алты балам бар, үйіміз мұздай. Келсе, әкімді бір күнге үйге шақырайын деген едім, бір қонып кетсе екен деп, бала-шағаммен қосылып. Үйімізде бір грамм жылу жоқ. Әкімшілікке төрт мәрте бардым. Келіп тексерген де жоқ. «Ойбай, қосамыз, бүгін-ертең қостық» дейді. Бірақ қосылған жоқ. Жарықпен отырмыз. Айына 15-20 мың келіп тұрыпты», - дейді қала тұрғыны Севара Акрамова.

Дірдектеген жұрт жаппай электр құрылғыларын қосқан соң, ескі желілер шыдамай, жарық жиі сөнеді екен. Тұрғындар үйінде қалың киіммен жүріп үйренген. Бірақ жергілікті шенеуніктер тұрғындардың сөзімен келіспейді. Кентауға жылу беруі тиіс энергоорталықтың былтыр ғана төрт қазандығы жөндеуден өткізілген дейді. Тіпті ақпан айында тағы бір қазандығын іске қосамыз дейді шенділер. Ал пәтерлердің жылымай тұрғанына тұрғындардың өзін кінәлады.

 «Негізі энергетика заңы бойынша әр тұрғын өзі көпқабатты тұрғын үйде жазда стояктарын ауыстыруы керек. Радиаторларын тазалау керек. Өкінішке қарай ондай жұмыстар жүргізілмеген. Қазір біз температураны тұрақты беріп жатырмыз. Кейбір үйде жылы», - дейді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов.

Серіктес жаңалықтары