Жамбыл облысында жоғалып кеткен екі балықшы әлі табылған жоқ

Azattyq Rýhy

 Іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылды

Жамбыл облысында жоғалып кеткен екі балықшы әлі табылған жоқ

Жамбыл облысында қайыққа мініп, балық аулауға кеткен екі ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД сілтеме жасап.

2024 жылдың 11 қаңтарында сағат 12.15-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «112» телефон нөміріне Жуалы ауданы, Билікөл көлі маңындағы Қарабастау ауылының 1981 және 1987 жылғы тұрғындары қайыққа мініп, балық аулауға кеткендігі және олардан еш хабар жоқтығы жөнінде көмек сұрап, хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД тиісті күштері мен құралдары жедел жетіп, бүгінгі күнге дейін іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Ауа-райының қолайсыздығына  байланысты іздеу жұмыстары күрделенуде. Қазіргі уақытта Билікөл көлінің маңында жүрігізіліп жатқан іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамның 14 адамы және пилотсыз ұшу аппараттарының 3 бірлігі, 4 жүзу құралдары жұмылдырылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 3 адам, 1 бірлік техника, жергілікті полиция қызметінен 1 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.