16.01.2024, 20:00
Қоғам
Шымкенттегі бейімдеу орталығынан жоғалған жасөспірімдер табылды
Қазір олар Алматының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды
Қаңтардың 14-і күні кешке белгісіз бағытқа кетіп қалған Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі Алматыдан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Жоғалғандарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер бір тәулік ішінде қыздарды Алматы қаласынан аман-есен тапты. Қазір олар Алматының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды