Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 718 адамға жетті
Елімізде тағы 9 адам ауыр қауіпті індетке шалдыққан
Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл штабының 8 сәуір сағат 21:15-тегі мәліметі бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелдi: Қызылорда облысында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 3 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 43 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 23 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 76 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 718 науқас тіркелді