$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2020, 21:25
Қоғам

Ибрагим Ескендір ерікті әскерилер сапына қосылды

Нұр-Сұлтанда Төтенше жағдай кезінде арнаулы әскери жиынға шақырылғандар кімдер?

Ибрагим Ескендір ерікті әскерилер сапына қосылды

Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 сәуірдегі №296 Жарлығына сәйкес бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды. Қажет болған жағдайда олардың саны ұлғайтылуы мүмкін.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов әскери міндетті-еріктілермен кездесті.

Олардың барлығы әскери міндетті-еріктілер. Әскерге алынғандардың қатарында-белгілі қазақстандық боксшы, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы және орындаушысы Ибрагим Ескендір де бар.

«Халық әрқашан шығармашылық адамдарын, спортшыларды қолдайды. Біз бұл қолдауды сезінеміз. Халқыма қызмет етуге дайынмын. Мен запастағы лейтенантпын, бокспен айналысатындықтан физикалық тұрғыда төзімдімін. Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиынға шақыру туралы Жарлығын естігенде, еш күмәнсіз бірден елордадағы әскери комиссариатқа келдім. Медициналық тексеруден өттім, қызметке дайынмын», - деді Ибрагим Ескендір.

Қала әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, әскери міндеттілердің негізгі міндеттері-коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб жұмысына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, қала аумағына дезинфекция жүргізу, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету және т. б.

Әскери міндеттілер тамақпен, киім-кешекпен, сондай-ақ еңбекақымен толықтай қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары