МӘМС жүйесінде проблемалар тым көп – Асхат  Аймағамбетов

Аягөз Құрмаш

Ол проблемалардың күрделі екенін айтты

МӘМС жүйесінде проблемалар тым көп – Асхат  Аймағамбетов
Фото: egemen.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС-тегі проблемаларды атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Көптеген педагог МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлей отырып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек алуда проблемаларға тап болып жатыр. Бұл мәселе ӘМСҚ және Денсаулық сақтау министрлігінің бюрократиялық процедураларымен байланысты және педагогтерді ақылы медициналық қызметтерге жүгінуге мәжбүр етуде. Карағандыда өткен кездесуде педагогтер осы мәселені көтерді», - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл проблеманың себебі – жазда, үш айлық демалыс және каникул кезінде кейбір бухгалтерлер жалақыны және МӘМС бойынша тиісті жарнаны бір аударыммен аударады.

«Бұл өз кезегінде, МӘМС-тің бюрократиялық тиімсіздігінен оларды сақтандырылған азаматтар мәртебесінен айырып, медициналық көмектің қолжетімсіздігіне алып келді. Біз бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне осы мәселені тез арада шешу туралы талап қойғанбыз. Бұл мәселеде жауапсыздық пен міндеттерін орындаудағы бейқамдыққа жол берілмейді. Болашақта бұл проблеманы шешеміз деп сенемін. Сонымен қатар кездесуде білім беру саласына қатысты заң жобаларын талқыладық. Әріптестер конструктивті ұсыныстар айтты, біз оларды кейінгі жұмысымызда ескереміз», - деді депутат.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.