$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаевтың ісін сотқа беруге уақыт қажет  -  ІІМ

Марат Қожаев сараптама нәтижелері әлі дайын емес екенін айтты

Бишімбаевтың ісін сотқа беруге уақыт қажет  -  ІІМ
Фото: vlast.kz

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сенат отырысында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жақын арада аяқталуға тиіс. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді.

«Сараптама аяқталған соң сотқа жолданады. Барлығы дайын деп айта алмаймын. Барлығы біткен соң, әуелі материалдарды сотқа тапсыру керек. Екі тарапты қарау керек. Бұған уақыт қажет», - деді Марат Қожаев.

 

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін  өлтірді деп күдікке ілінгені жөнінде ақпарат тарады.

12 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты тағы үш қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды. Оның бірі ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша ашылды. Оның аясында гастро-орталық директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

30 қарашада Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.

4 желтоқсан күні ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясы аясында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты материал БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары