Бишімбаев әйелінің өлімі: «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды

Azattyq Rýhy

Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді

Бишімбаев әйелінің өлімі: «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова өлтірілген Астанадағы «Гастро-орталық» директоры да қамауға алынды. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР ҚК-нің 99 (кісі өлтіру) бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда.

«Қазіргі уақытта, тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын, және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындайды. Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде «Гастро-орталық» директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.