$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2023, 16:57
Қоғам

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы QARMET болып өзгерді

Қарағанды облысының әкімі жаңа инвесторды ұжымға таныстырды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы QARMET болып өзгерді
Фото: Telegram/qarmet_news

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ресми түрде QARMET болып өзгерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Компанияның Telegram-арнасындағы мәліметкей сүйенсек, Қарағанды облысының әкімі жаңа инвесторды ұжымға таныстырды.

«Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен QARMET-тің жаңа инвесторы еңбек ұжымымен жиналыс өткізді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Талғат Темірханов «Qazaqstan Steel Group» акционерінің QARMET-тегі ресми өкілі болып тағайындалды.

Белгілі болғандай, азақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittalTemirtau кәсіпорнына инвестор болды.

Қазақстандық Qazaqstan Steel Group атынан кәсіпкер Андрей Лаврентьев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен ArcelorMittalTemirtau активтерін сатып алу туралы келісімге қол жеткізді.

Келісімшарттары бойынша QSG АМТ активтері 286 млн-ға $ сатып алынды, сондай-ақ жыл сайынғы 4 рет тең жарнамен төленетін 450 млн$ мөлшеріндегі қаражат кепілді түрде кейінге қалдырылған төлемдерді жүзеге асырады. Сонымен қатар келісім жабылған кезде тағы АМТ-ның өтелмеген топішілік қарызын төлеу ретінде 250 миллион доллар төленеді.

«Сол сияқты кейіннен $3 млрд астам қаржыны инвестициялау бойынша міндеттемелерді өзіне алады, оның ішінде 1,3 млрд келесі жылы инвестицияланатын болады», - делінген хабарламада.

Ұлттық инвестор қысқа мерзім ішінде келесі міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алып отыр:

  • Жұмыс барысындағы ұжымдық келісімшарт пен кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесінің сақталуын; 
  • Өндіріс орнының қауіпсіздігін және экологиялық ахуалын одан әрі жақсарту;
  • Өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру;
  • Шығарылатын өнім көлемін, номенклатурасын және түрлерін ұлғайту.   Компания кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізгеннен кейін нақты мәліметтерді инвестордың ресми өкілдері арқылы беретінін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары