$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2023, 17:15
Қоғам

«Шетелдік күйеу жігіт» ақтөбелік әйелді 2 млн теңгеге алдап кеткен

Алданған әйел алаяқтың жіберген сыйлығын аламын деп «баж» төлеген

«Шетелдік күйеу жігіт» ақтөбелік әйелді 2 млн теңгеге алдап кеткен
Фото: freepik.com

Қазан айының соңында 42 жастағы ақтөбелік әйелге әлеуметтік желіде белгісіз ер адам өзін шетелдік ретінде таныстырып, хабарлама жазған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, «шетелдік» пен ақтөбеліктің арасында махаббатқа толы хат алмасу басталған. «Күйеу жігіт» әйелге сыйлықтар, зергерлік бұйымдар мен шетелдік валюта сатып алғаны туралы хабарлама жіберіп, сенімділік үшін сыйлықтардың бейнелері мен фотосуреттерін жіберген.

Әрі қарай бұл сәлемдемелерді жіберу үшін кедендік бажды төлеу қажеттігін айтып, әйелге есеп айырысу шотын жолдаған. Әйел жігіт көрсеткен шотқа банк кассасы арқылы 2 млн теңгеден астам ақша жіберген. Ақшаны алғаннан кейін “күйеу жігіт” байланысқа шығуды тоқтатқан, ал жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді. Алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Интернеттегі таныстықтардың қауіпсіз емес екені туралы жиі ескертілетініне қарамастан, аңғал әйелдер әлі де алаяқтардың арбауына түсіп, оларға өздерінің еңбекпен тапқан ашасын жіберіп, қарыздар мен несиелер алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары