Коронавирусқа қатысты «Covid-19 Hub» атты сайт ашылды
Онда індетке қарсы озық тәжірибелер мен соңғы жаңалықтар жазылады
Түркияның академиялық және ғылыми ынтымақтастық (TABİP) жобасы аясында Юнус Эмре институты COVID19-ға тойтарыс беру үшін жаңа сайт ашты, деп хабарлайды инситуттың баспасөз қызметі. Жаңа платформада сенімді көздерден алынған ең соңғы ғылыми жұмыстар мен теxнологиялық жаңалықтар топтастырылады.
«Қолданушылар covid19.tabipacademy.com атты сайттағы түрлі категория бойынша жүздеген мақала мен сараптамаларды тегін пайдалана алады. Юнус Эмре институты короновируске қарсы жүргізіліп жатқан ғылыми және теxнологиялық күреске осы ауқымды платформаны қолдана отырып, өз үлесін қосуды көздейді», - делінген хабарламада.
Сондай ақ, сайтта Түркияның ауруға қарсы қолданып жатқан тиімді бастамалары мен Юнус Эмре институтының әлемдегі бөлімдері арқылы Жапония, Оңтүстік Корея, Германия мен АҚШ елдеріндегі озық тәжірибелер туралы жазылады.